Жұлдыз-жорамал

Балықтар. Мамыр айының соңғы жұма күні ерекше тосын сыйдың иесі боласың. Ұзақ уақыттан бері мазалап жүрген сұрақтарыңа тиісті жауап аласың. Бірақ, сабақ үстіндегі қарбаластықтан біраз күйгелектікке түсуің мүмкін. Сондықтан сабырлы бол.

Тоқты. Мамыр айы сен үшін ерекше. Мектептегі сыныптас достарыңмен ара қатынасыңды ретке келтіруге тырыс. Алда үлкен сынақтан өтетін сәт күтіп тұр. Дегенімен бәрі ойдағыдай болуы тиіс.

Торпақ. Мамырдың жадыраған шуақты күндерінде алға қойған жоспарларыңнан бас тартпа. Әр іске жауапкершілікпен, мұқиятпен қарағаның абзал. Сен көпшіліктің қолдауындасың. Үмітін ақтауға тырыс.

Егіздер. Егіздер осы айда күтпеген жағдайға дайын болуы тиіс. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, өзің сенім артқан адамдарыңның ақылына құлақ ас. Қандай жағдай болса да сабыр сақта.

Шаян. Мамыр айы жағымды жаңалықтарға толы болмақ. Тек бойкүйездіктен арылсаң болғаны. Көңіл-күйіңнің болмауы мүмкін. Тек қана жан досыңның берген ақыл-кеңесі сені тығырықтан алып шығады.

Арыстан. Арыстандар үшін мамыр айы сәтті басталды. Сенің алғыр әрі әділ шешім қабылдай алатын қасиетің достарыңның саған сенуіне жол ашып отыр. Белсенділігің артып, шығармашылығың шыңдала түседі.

Бикеш. Айдың ортасына таман ойыңа күтпеген тың да жаңа идеялар келіп, оларды сәтті жүзеге асырасың. Дәл қазір денсаулығыңа көңіл бөлгенің абзал. Туыстарың мен отбасыңа біраз көңіл аударып, үй шаруасына көмектескенің жөн.

Таразы. Таразылардың алға қойған ұмтылыс-талабы қуантады. Осы бетіңнен қайтпай, көпшіліктің өзіңе деген үмітін ақта. Шығармашылық кештерден алыстап қалмағаның абзал. Спортпен шұғылдануды естен шығарма.

Сарышаян. Мамыр айында мектеп табалдырығындағы қиын сұрақтардың жауабын шешуге тырысасың. Қиын сәттерде қолдау көрсете алатын мықты достарың бар. Мейлінше аянбай еңбек еткенің жөн.

Мерген. Мергендердің қайырымдылық іс жасауға асыққандары дұрыс. Сенен қолдау күтіп отырған достарыңды ұмытпай, жәрдем бер. Осы айда қолға алған істерің нәтижесіз қалмайды. Сондықтан «еңбек — бәрін жеңбек» деген қағиданы берік ұстағаның жөн.

Тауешкі. Мамыр айы сен үшін ерекше толқыныспен есте қалмақ. Өзіңе деген сенімсіздіктің арқасында жасаған жұмысыңа көңілің толмай, уайымдауың мүмкін. Дегенімен, сабыр сақтап, асығыс іс-әрекет жасамасаң, бәрінің оң шешімін табатын боласың.

Суқұйғыш. Алда үлкен сынақ тосып тұр. Сынақтан сүрінбей өту үшін тек қана өзіңе сенім арт. Өзгенің көмегін қажетіңе пайдаланбағаның жөн болар. Ұстаздарыңның көмегіне жүгінуіңе тура келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *