Жаралы аққу

Аяулы АЛИМБЕКОВА.Райымбек ауданы, Жалаңаш ауылы.

Күндер мүлдем үзілсе де өмірден,
Қайтпаймын, қайсарлық бар өлімнен.
Жапан түзде қалықтайды қамықпай,
Жалғыз Аққу сыңарынан бөлінген.
Толқын ұрып жаға жатыр долданып,
Тез жете алмай ашуландым қорланып.
Сонда-дағы тоқталмастан жүгіріп,
Жеттім әйтеуір екі өкпемді қолға алып.
Тек амандық болсын деп ем ой-арман,
Намысымның сәті туды оянған.
Көрген жерден көздің жасы парлады,
Аққу жатыр қызыл қанға боялған.
Ой сұмдық-ай, аяусыздық бұл неткен?
Қатігездік жаулап алған індетпен.
Аққуды атып жаралаған сорлылар,
Адам-деген аласталсын міндеттен.
Осыны ойлап мен Аққуға таядым,
Ыңырсиды кеудесінен аяулы үн.
Құшағыма қысып алып қарасам,
Сұм оқ оның үзіп кеткен аяғын.
Айуандық, қастандықтан түңілдім,
Егілгеннен еңсем түсіп сүріндім.

Шарофат ЗИКИРЯЕВА. ОҚО, Мақтаарал ауданы, Т.Жайлыбаев ауылы.

Аяғынан жараланған Аққуды,
Көтердім де үйге қарай жүгірдім.
Жеттім үйге, аңтарыла, асыға,
Атам қарап мұңаяды, жасыма.
Аққуды атқан қаныпезер, сорлының,
Қарғап жатыр сор берсін деп басына.
Деді-дағы жуып жатыр қанды атам,
Аққуым да тынышталды-ау аңдасам.
Сынған жерін орнына келтіріп,
Жас баладай құндақтап таңды атам.
Ерік беріп жаздым сосын дастанға,
Көргенімді үлгі етіп достарға.
Он күн жатып жазылған соң аққуды
Қоя бердік, қалықтатып аспанға.
Сыйла, ұрпақ, Аққуды атпа жосынды,
Жаралама жаныңдағы досыңды.
Қарап тұрдым қалықтаған Аққуға,
Тура барып үйіріне қосылды.
Ата-баба аманатын сақтаңдар,
Адал болып болашаққа бастаңдар.

Аққу деген – құс төресі, адал құс,
Ей, адамдар,! Оны ешқашан
атпаңдар.
Бағдат РАХМАН.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *