Жетістіктерге қуанамын

Бақнұр ДАБЫРҚЫЗЫ. ШҚО, Аякөз ауданы, Ақтоғай ауылы.

Сіздердің ұжымдарыңызға әрқашан шығармашылық табыс тілей отырып, әрбір жетістіктеріңізге қуанамын! Мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы журналымның әрбір санын асыға күтемін! Біз сияқты жасөспірімдердің ұлтжанды, патриот болып өсуімізге журналымның ықпалы өте зор. «Мөлдір бұлақпен» мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған күннен бастап дос болып кеттім. «Мәдени мұра» және «Мөлдір бұлақ» сайысының жеңімпазы атанып, марапаттау рәсіміне қатысқанда, ұжым мүшелерімен жақын таныстым.
«Мөлдір бұлақ» журналы 2011 жылдың қыркүйек айында Көкшетау-дағы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына жолдама алып, демалуыма бірден-бір себепкер болды.
Әнель ЕРМЕКҚЫЗЫ.

ПІКІР ЖАЗУ