Мерейтойларыңыз құтты болсын!

Қазақстандық балалар мен бүлдіршіндердің сүйікті басылымына айналған «Мөлдір бұлақ» журналының он жылдық белесімен құттықтаймын!
Сіздер егемен еліміздің еркін ойлы ұрпағын тәрбиелеу ісіне үлес қосып келесіздер. Тағылымды басылым арқылы балалар әдебиеті мен шығармашылығын дамытуға кеңінен жол ашылды.
Бал дәурен балалық шақтың қызықтары басылым бетінде үнемі көрініс тапсын! «Мөлдір бұлақтың» тұмасы сарқылмасын, тақырыбы таусылмасын!
Журнал ұжымына шығармашылық табыс, жас авторларға шабыт пен сәттілік тілеймін!
Мерейтойларыңыз құтты болсын!

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Д. Абаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *