Конверт қалай пайда болды?

«Кіп-кішкене болса-дағы көлемі, хаттар, хаттар дірілдетер  денені. Бір хаттардан жақсылыққа жадырап, бір хаттардан жылап алғың келеді» — деп жазған осыдан көптеген жыл бұрын әскерде қызмет етіп жүргенде жас ақын Таубай Ортаев. Хат өздігінен конвертсіз жіберілмейді.
1820 жылы ағылшынның Брейтан қаласындағы жазу қағаздарын сататын дүкеннің қожайыны Бревер тұтынушылардың өз тауарына деген қызығушылығын арттыруды ойластырып, жарнама жасауға бел буады. Таңертең тұрғындарды таң қалдыру үшін түнімен жұмыс істейді. Дүкен ашып, үлкен терезесіне орасан зор пирамида жасап қояды. Пирамиданың астыңғы бөлігінде газет беттерін басатын қағаздарды қойса, жоғарғы жағы визит парақшалары мөлшеріндегі қағаздармен өрнектеледі. Елден ерекше бұл көрме расында да жұртты қайран қалдырады. Көпшіліктің назары, әсіресе, пирамиданың ұшар төбесіндегі кішкентай парақшаға түседі. Хат жазуға ыңғайлы қағаз. Тек почтамен  жөнелту үшін, оны алушының мекен-жайын қайда жазарын білмей әбігер ететіні болмаса. Мұның өзі Бреверді мекен-жай жазуға ыңғайлы жаңа пакеттерді ойлап табуға итермелейді. Дәл сол 1820 жылы тапқыр ағылшын қағаз қалтаның аздаған партиясын жасап шығарып, оны сатылған қағазға қосымша ретінде тегін беретін болды.
Аида ХАУМЕТОВА.
БҚО, Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *