Басылым оқырманымен көркейеді

Марапат
Қазақстан Журналистер Одағы да жас зиялылардың «Мөлдір бұлақ» журналын 10 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Басқарма төрағасы Сейітқазы МАТАЕВ (суретте) бүкіл оқырманға деген игі тілегін арнап, Республика Журналистер Одағының арнайы дипломымен марапаттады.
Қадірлі достар!

Маркетинг бөлімінің ____________Кеңес ОРАЗБЕКҰЛЫ. ___________ Менеджер — Қанат ЕСЖАНОВ — директоры Серік ӨМІРТАЙ. __________________________ пен жүргізуші —Әлімжан ҚАДЫРОВ.

«Қазмедиа» ЖШС Бас директоры —Ерсин ДЕМИРЖИ.

«Мөлдір бұлақ» журналының алғашқы редакторы Сумейра АВЖЫ (Түркия).

“ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN” ЖШС Бас директоры — Ахмет АЛЯЗ.

«Мөлдір бұлақ» журналының алғашқы нөмірінен бастап басып келе жатқан «DOSTAR» баспаханасының ұжымы. Директоры Димаш ИСМАИЛОВ.

Шамшибанум ШАМШИДИНОВА.

Адина ЕРҚАРАЕВА.

Әне-міне деп көзді ашып-жұмғанша 10 жылдың қалай өтіп кеткенін байқамай қалдық. Сәл кейін шегініп, журналдың алғашқы қадамы жайлы айта кетейін.
Мен «Қазақстан- ZAMAN» халықаралық газетінде тілші болатынмын. Алматы облысы аудандарына іссапарға жиі шығатынмын. Мақала, сұқбаттар ұйымдастыратынмын. Кезекті нөмірдің 200-300 данасын ерінбей арқалап, сол аудандарға барып, оқырмандарға таратумен айналысып кеттім. Бұл мен үшін өте қызықты болатын. Үнемі адамдардың арасында жүріп, олармен әңгімелесу —журналистің шыңдалу мектебі десе болады.
2002 жылы сол кездегі Бас директор Ерсин Демиржи бастап, журнал шығаруды бірлесіп қолға алдық. Басылымның атауы да табыла кетті. «Мөлдір бұлақ» жас зиялыларға арналған журнал дедік. Газет таратуда аз-кем тәжірибе жинақтаған мені маркетинг бөліміне ауыстырды. Ақпан айында алғашқы нөмірі жарық көрді. Қасымда көмекші менеджерлер бар журналды арқалап, мектеп-мектеп, ата-ана жұмыс істейтін мекеме, кәсіпорындарды аралап кеттік. Сол кездегі 10 жастағы біздің оқырманымыз бүгін 20 жасқа толып отыр. Сол жылы ақпан айында дүниеге келген бүлдіршін қазір 10 жасқа келіп, басылымды оқи алатын дәрежеге жетті. Алғашқы оқырмандарымыз қазір жоғары білім алып, өзімізбен үзеңгілес қызметте жүр.
10 жыл ішінде журнал 3 миллионнан астам данамен таралды. Бүгінде оқырмандары көбейе түсуде. «Мөлдір бұлақты» баласы жаздырып алса, отбасы түгел оқып, бір масайрап қалады. Өздерің жақсы білесіңдер, басылым беттері толық қатталып, баспаханаға тапсырылады. Дайын журнал тасымалдау мекемесі арқылы облысқа, одан аудан орталықтарына тасымалданады. Содан кейін пошта тасушылары арқылы оқырманға жеткізіледі. Олай болса, ортақ қызмет саласының барлық қызметкерлеріне мереке құтты болсын деймін! Сыйластығымыз жарасып, береке- бірлігіміз арта бергей!
Жанастан Кучукова.

1 comment

  1. Алия 17 Сәуір, 2023 at 12:39

    Кайырлы күн,журналға макала жариялауға бола ма,бағасы неше

ПІКІР ЖАЗУ