Балауса басылымның балғын оқырмандары!

Мерейлі мерекелеріңіз баршаңызға қуаныш, шаттық, күн нұрынан тарағандай ыстық шуағымен сүйіндірсін!
Жалпы кез келген мемлекеттің болашағы жастардан бастау алады. Соған орай, Пре-зидентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесінде балалардың сапалы білім мен тағылымды тәрбие алуы үшін барлық жағдайлар жасалып келеді.
Ата-бабаларымыз сәбиін бесік жырымен жұбатып, әнімен әлдилеп, ертегімен елітіп, жыр-дастанмен құлақ құрышын қандырған. Ел қорғаған батырды, сал-сері мен ақынды өнеге еткен. Міне, осындай мейірім мен даналықты бойына сіңірген қазақтың қай ұрпағы болмасын ұлттық намысы жоғары, көргенді, көпшіл болып өскен. Түрлі себептермен бала тәрбиесінің осындай ұлағатты үлгісін кезінде жоғалтып алғандай болған едік.
«Мөлдір бұлақ» журналы осы олқылықтың орнын толтырып, аз уақытта көпшілік көзайымына айналды, оқырман жүрегінен жол тапты. Он жылдық тарихында республика-мыздағы балаларға арналған ең іргелі журналдардың біріне айналды. Басылым жетістігі де аз болған жоқ. Балалар журналының «Алтын жұлдыз» белгісімен марапатталуы — осы сөзіміздің нақты дәлелі.
Журнал ұжымының алдағы уақыттағы ұрпақ тәрбиесі, ұлт мұраты жолындағы еңбегіне шығармашылық табыс тілеймін. Ал, журналдың қалың оқырмандарына айтар тілегім — өзгелер үлгі алатындай мәдениетті, намысты, иманды, салауатты, білімді, білікті болыңдар. Егемен еліміздің еркін ұланы ретінде әрдайым рухтарыңды биік ұстап, отаншыл болыңдар. Ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерімізді ұлықтап, қадірлей біліңдер. Мемлекетіміздің болашағы – сендердің қолдарыңда екенін ешқашан естен шығармаңдар.
С.Ахметов, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *