Құрметті журналдың жас зиялы қауымы!

Баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойымен қатар келген төл жур-налдарыңыздың 10 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
«Мөлдір бұлақ» журналы Қазақстан Респуб-ликасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарыққа шығып жатқан көркем әдебиеттер, тарихи еңбектермен қатар өткені мен бүгінгісінен, келешегінен сыр шертеді. Тәуелсіз еліміздің ертең бетке ұстар тірегі — жасөспірім-дердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жол ашатын, мамандық таңдауға көмектесетін ақылшы басылым.
Болашақта білім мен ғылымды, салауатты өмір салтын, ел саясатын, адамгершілікті дәріптейтін материалдарыңыздың жиі басылуына тілектеспін. Қаламдарыңыз ұштала бергей, жас қаламгерлер. Біз сіздерге сенеміз, және алдағы уақытта тың дүниелер күтеміз. «Шабыт» деп аталатын шығармашылық әлемінде жолдарыңыз болғай!
Ағалық ізгі ниетпен, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімі Нұржан Әшімбетов.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *