Құрметті Жанастан Тұрсынқызы!

Сізді, Сіз арқылы ұжымыңызды шығармашылық жолдарыңыздың 10 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде “Мөлдір бұлақ” жас оқырмандардың сүйікті басылымдарының біріне айналды. Бағыт-бағдарын айқындап, айтарын сараптап алған журналдың оқырмандарына берері мол. Әсіресе, жас ұрпақ тәрбиесіндегі және жас таланттардың талабын ұштау жолындағы көтерер жүгі өте салмақты. Қазіргі уақытта жас ұрпақты мөлдір рухани дүниелермен сусындату, өзекті мәселелердің қатарында тұр десек, «Мөлдір бұлақ» журналы осы бағытта маңызды рөл атқарып келеді. Соңғы жылдары басылымның тақырыптық көкжиегі көтеріліп, тынысы кеңи түсті. Журналдың әр санында түрлі айдарлар мен алуан ойлар алмасып жатыр.
Сіздер әрқашан жақсылықтың жаршысы болып, бүлдіршіндеріміздің танымын арттыру жолында тер төгіп келесіздер.
Алда да талай асуларға жете берулеріңізге тілектеспін. Ұшқыр қаламдарыңыздан ұтымды ойлар төгіле берсін, баршаңызға шалқар шабыт, шығармашылық табыс тілеймін.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Ізмұхамбетов.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *