«Мөлдір бұлақ» журналының 10 жылдығы құтты болсын!

Еліміздің барлық мектептеріндегі, соның ішінде біздің облыстың балалары сүйіп оқитын «Мөлдір бұлақ» журналының оқырман-дарын мерейлі мерекесімен құттықтаймын!
Он жыл уақыт аралығында журнал көз қуаныштарыңа айналып, еліміздің талапты да талантты өнер иелері, данышпан тұлғалары туралы көптеген ақпарат алып, рухани байлықтарыңды кеңейтудесіңдер.
Журнал бетінде үздіксіз қызықты әңгімелер, пайдалы кеңестер, тәлімі мол, мағынасы терең Ыбырай Алтынсарин, Әл-Фараби сияқты ғұламалардың туындылары жария-ланып тұрады. Бұл болашақта жан-жақты, қабілетті азамат болып ер жетулеріңе септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан журнал, газет оқу — пайдалы әрі қажетті іс. Мұны әсте естен шығаруға болмайды. Балалар әдебиетінің көшін бастап келе жатқан басылым әрдайым оқырмандарына жол тауып, ақпараттық өрісі кеңейе беруіне тілектеспін.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *