«Бағдаршам» салаты

Құрамы: 4 жұмыртқа; 300 гр ірімшік; 120 гр қаймақтың майы; бір-бір данадан дәмді қызыл, жасыл, сары бұрыш; 3 дана сарымсақ; қара бұрыш; тұз; аскөк.
Дайындау тәсілі: Алдымен, жұмыртқаны суға пісіріп аламыз. Ал қызылды, жасылды бұрыштарды таза сумен жуып, бас жағын кесіп ішіндегі дәндерін тазалаймыз. Ірімшікті үккіштен шығарып, майға араластырып шанышқымен илейміз. Аршылған сарымсақты тығыздап саламыз. Аскөкті жуып, жартысын ұсақтап турап, қалғанын сәндеуге алып қою керек. Дайындаған май, аскөк және ірімшікті араластырып, қара бұрыш және тұз қосамыз. Бұрыштардың ішіне дайындаған қоспаны ортасында бос орын қалатындай етіп саламыз, ал қалған орынға піскен жұмыртқаның қабығын аршып саламыз. Бәрі дайын болған соң бұрышты тоңа-зытқышқа 1 сағатқа қоямыз. Тоңазыған бұрышты көлденеңінен дөңге-лектеп тураймыз. Бетін аскөктің қалған жартысы арқылы сәндейміз. Асқазанға сіңімді, дәмді әрі жеңіл тағам дайын болды.
Ас дәмді
болсын!

Адина ЕРҚАРАЕВА.

ПІКІР ЖАЗУ