Андрей Голубев жарысты жалғастырады

Австралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан «Үлкен дулыға» санатына кіретін Australian Open турнирінің алғашқы айналымында жерлесіміз Андрей Голубев әлемдік рейтингте 35-орында жайғасқан ресейлік Михаил Южныйдан басым түсті.
Мықтыны анықтау үшін қос спортшы бес сет ойнауына тура келді. Есеп – 7:5, 6:7, 6:4, 4:6, 6:3. Андрейдің келесі қарсыласы Ришар Гаске болмақ. Әлемдік рейтингте 18-орынға тұрақтаған франсуздық теннисшімен өткізген ойын Голубев үшін аталмыш турнирдегі бесінші кездесу.

ПІКІР ЖАЗУ