Сенімге кірген секталар

Бұл күндері елімізде діни секталар көбейіп кетті. Тіпті жеткіншектердің сол секталарды жағалап жүргені жасырын емес. Бірде мен «Қазақстан» телеарнасы дайындаған «Арнайы репортаждар бөлімі» бағдарламасынан діни секталар жайлы көп мағұлмат алдым. Байқағаным, өрелі өрендеріміз өзге дінді жиектеп, жат босағаны сығалап жүр екен. Алайда бәрімізге ортақ мұсылман қауымына тән, жан тазалығы мен ар тазалығы құстың қос қанатындай қатар жүретін мұсылман діні бар емес пе? Өзге емес, өзімізге сенейік. Жалған сенімге кірген секталардан сақ болайық!
Айзат МҰХТАРҚЫЗЫ.
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы.

ПІКІР ЖАЗУ