Қазақ тілі

Қазақ тілі –
Ата-анаң –
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.
Тіл ұстарту,
Тіл сындыру,
Сөз сиқырын,
Кілтін білу.
Ел мен елді елдестірер
Естеліке ұмтылдыру.
Қазақ тілі –
Халық тілі.
Тіл аманда
Халық тірі.
Өз еліңде жылағанда,
Көз жасы да
Халық мұңы.
Әмина ТҰРСЫНБЕК.
Еңбекшіқазақ ауданы,
Қырбалтабай ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *