“Мөлдір бұлақ” — біздің де журналымыз

5bet_f1Арыс бастауыш мектебі бірлігі мен ынтымағы жарасқан ұжым. Мектепті Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің иегері Қолдас Нүрила Ысламқызы басқарады. Нүрила апай саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған кемел ұстаз. Оқу ісінің меңгерушісі Қансейітова Ләззат пен Кадирова Ұлбосын туралы айтпай кету мүмкін емес. Олар қашан да әріптестеріне үлгі. Шәкірттері алдынан кесе өтпейді. Жас ұрпаққа мағыналы, өнегелі, тәрбиелі білім беру – басты арманы. 
«Баланың психологиясын зерттеу» жұмыстары психолог Қонысбаева Гүлжанның құзырында. Кітапханашы – Толысбай Қаракөз апайымыз кітап оқуға үгіттеуде алдына жан салмайды. Сондықтан да оқырмандары өте көп. Мектептегі ең бастысы мерзімді баспасөздерге жазылу өте жақсы жолға қойылған. Әсіресе, республикалық «Мөлдір бұлақтың» үлесі көп. Оны жаздыртуда ұстаздар Ү.Есенова, Д.Игілік, Б.Аманов, Г.Әкимова, А.Жұмабекова, Ұ.Сейтқұлова, Ұ.Әкимова, К.Әлімбаеваның еңбектері орасан. Мектебіміз жыл сайын жас мамандармен толығып келеді.
Жұпар НАРБЕКОВА, «Арыс» бастауыш мектебі тәрбие ісінің меңгерушісі.

ПІКІР ЖАЗУ