Ұлу жылының шапағаты шуақты болғай!

«Мөлдір бұлақ» журналының қадірлі оқырмандары!
Сендер де журналмен бірге ер жетіп келесіңдер. Әр хатты бастағанда, шын жүректен «Сүйікті» деп жазатын басылымға биыл 10 жыл толады. Яғни, 2002 жылдың ақпан айында дүниеге келген нәресте биыл 10 жасқа толды. Олардың бірқатары біздің оқырманымыз екенін айтып, хат арқылы хабарласуда.
Ал, сол жылы алғаш рет «Мөлдір бұлақты» қолына алып, парақтаған оқушы қазір білдей азамат. Тәуелсіздігіміздің құрдасы, жасы 20-ға толды.
Басылым қашанда оқырманымен мақтанады. Оның жетістігіне баламен балаша қуанады. Ілгерілеген әр қадамына Ақ тілегін арнап, бірге қуанады.
— Дүниеде сен үшін ең қымбат кім? — десе:
— Бала дер едім.
— Мына фәни дүниеде жаныңа ең жақын кім? — десе:
— Бала дер едім.
— Сен үшін дүниенің кереметі не? — десе:
— Менің бар байлығым да, бақытым да бала дер едім.
Иә, балалар! Бала ата-анасымен, отбасымен бақытты, оның әр күні шуақты да шапағат-мейірімге толы.
Қазақстанның әр отбасындағы ұл-қыздарды Жаңа жылмен құттықтаймын! Тәртіпті, тәрбиелі бала қашанда алдыңғы қатарда жүреді. Меніңше, барлық бала оқуда шеберліктерін шыңдап, өз отанының нағыз ұлтжанды азаматы болуға ұмтылады. Олай болса, еліміздің барлық баласына бақыт, денсаулық, амандық тілеймін.
Ахмет АЛЯЗ,
«Қазақстан-ZAMAN» ЖШС
Бас директоры.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *