Қонаев баспалдақтары

Д.А.Қонаев – Коммунистік партия мен Кеңес мемлекетінің көрнекті қайраткері, КОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.
Д.А.Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында дүниеге келген. Ол 1930 жылы мектепті бітіріп, Мәскеудегі Түсті металдар және алтын институтына оқуға түсті. 1936 жылы институтты бітіріп, Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне кен инженері болып барады. 1939 жылы КОКП мүшелігіне қабылданды. Осы жылы Д.А.Қонаев Зуһра Шәріпқызымен некелесті. Сүйген жары Зуһра Шәріпқызымен елу жыл, алты ай, екі күн өмір сүреді.
1942 жылдан 1952 жылға дейін Қазақ КСР Халық Коммисарлары Кеңесі, кейіннен Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
1952 жылы сәуірде Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі болып сайланды.
Д.А.Қонаевтың 100-ден аса ғылыми еңбектері бар. Солардың бірі: «Қоңырат мыс кенін қазу», «Қазақ ССР-і», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары» т.б.
Қазақстан Компартиясы Х съезінде Д.А.Қонаев КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды.
Коммунистік партия мен Кеңес мемлекеті алдында сіңірген зор еңбектері үшін Д.А.Қонаевқа Социалистік Еңбек Ері деген атақ үш рет: 1972 жылы 11 қаңтарда, 1976 жылы 6 қазанда, 1982 жылы 12 қаңтарда берілген. Кеңес Одағының көптеген медальдарымен, сонымен қатар Ленин орденімен 8 мәрте, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталған, шетелдердің (Монғолия, Куба, Чехословакия) бірқатар сыйлықтарын алған.
Д.А.Қонаевтың жүрегі 1993 жылы 22 тамызда соғуын мәңгілік тоқтатты. Д.А.Қонаевтың мұражай-үйі ашылып, ұлы тұлғаның өмірі мен қызметіне қатысты тарихи мұраларын сақтауға байланысты бағдарламалы жұмыстар істелуде.
Сымбат АЙДАРХАН.
Жамбыл облысы, Меркі ауданы,
Аспара ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *