«Қонаевтың арғымағы»

Бірде бір кеңшардың жұрты Дінмұхамед Ахметұлына ақ боз арғымақ сыйлайды. Әлгі аттың тұлғасының сулулығы, сыр-сымбатының келіскендігі сондай, қарасаң көз тоймайды екен. Қонаевтың өзі де сүйсінгенін жасыра алмапты. Дегенмен ол кеңшар басшысын бір шетке шығарып тұрып:
— Мақұл, мен бұл әсем арғымақты жұрттың алдында сый ретінде қабылдап алған болайын, — депті. – Бірақ оны өзіммен бірге әкетпей, сіздің кеңшарыңызда қалдырып кетемін. Өйткені, өзі нағыз бәйгеге қосатын жел аяқ тұлпарға ұқсайды. Сіздер оны бәйгелерге қосыңыздар. Бәйгенің алдын бермей, жеңімпаз шыққан кезде: «Бұл — Қонаевтың арғымағы!» — деп айтып жүрсеңіздер, маған соның өзі жеткілікті, — деген екен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *