Әкем- асқар тауым

— Сен неге тұйықсың? Әлде денсаулығың жоқ па? — деп бір құрбым мені мүсіркей сұраса, енді бірі:
— Неге өзіңше боласың? Бізден неге бөліне бересің? — деп ұрсады.
Ал, менің жанымды жеген ауыртпалық-ты кез келген құрбым біле бермейді. Өйткені, мен тірегім, күш-қуатым әкемді бала кезде жоғалттым. Өмірден ерте өтіпті. Анам бұл Алланың ісі, оған ешбір адамзат баласы қарсы тұра алмайды дейді. Әкесінің жанында еркелеп кетіп бара жатқан қызды көргенде, әкемді сағынып мұңаямын. Сәби кезімде әкем мені қатты жақсы көріпті. Қазір мен әкеме деген бар сағынышым мен ой-арманымды ақ қағаз бетіне түсірудемін. Алғашқы пікірімді «Мөлдір бұлақ» журналына жолдадым.

Сабина МАМЫР, 7- сынып оқушысы.
Алматы облысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *