Ана тілегі

Құрметті «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы! Сіздерге шын жүректен ризашылығымды білдіре отырып, алғысымды айтамын. Оқырмандарыңыз жылдан- жылға көбейе бергей. Журналдың жас жеткіншектерін адамгершілікке, отаншылдыққа, азаматтық құндылыққа баулуда алатын орны ерекше. Өз балам осы журналды жаздырып алып, оқығалы көп ізденіп жүр. Ұлымның бойынан бұрын байқалмаған ерекшеліктері көріне бастады. Дарынды балалар қатарына қосылғаны мені қатты қуантты. Журналды оқу арқылы оның табиғи таланты ашылады деген сенімдемін. Әлішер Елтайдың анасы — Әлия Ахметқызы. Алматы облысы, Ақсу ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *