Құрметті ата-ана!

Бүгінде балаңыздың бірқатар ісіне көңіліңіз толмайтыны рас. Әсіресе, компьютер, ұялы телефон, электронды құралдарды алып бере отырып, өзіміз өкінеміз. Өйткені, баланың бар бос уақыты солармен өтуде. Ал, бұлардан алыстаудың бірден-бір жолы — балалар басылымдары мен әдеби көркем әдебиет оқу.
Мәселен, «Мөлдір бұлақ» журналы деп айтар едім. Өзім баламды осы басылымға үзбей жаздырып келемін. Баламның айырылмас досына айналған бұл журналдан үйренері көп. Жылына бар болғаны екі мың теңгеге де жетпейді. Бұл ақша қалтамызда жүрсе, қайда жұмсалғаны да байқалмай қалады.
Қайрат Құсмолдинов, ата-ана.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *