«Көңілді ұлу» салаты

«Көңілді ұлу» — өте дәмді әрі жылдам әзірленетін тағам түрі. Барша балалардың көңілінен шығады деп ойлаймыз.
Құрамы: 200 гр тауық еті; 3 жұмыртқа; 100 гр ірімшік; 100 гр тұздалған қияр; 100 гр майонез; 4 киви.
Дайындау тәсілі: Салатымызды бастамастан бұрын алдымен тауық еті мен жұмыртқаны суға салып пісіріп аламыз. Піскен жұмыртқаны ұсақ төрт бұрыштап, ал ірімшікті ұсақтау тілімдеп тураймыз. Тауық етін талдап майда жіптей ажыратып шығамыз. Дайын болған тағамдарды шұңғыл табақшаға салып, майонезбен жақсылап араластырамыз. Киви жемісін жіңішке сопақшалап тураймыз. Ал, тұздалған қиярдың өте майдаларын таңдап алып, ірілерін ортасынан бөліп қоямыз. Салатымызды жайпақ табаққа салып, оны ұлудың бейнесіндей өрнектеп, сәндейміз. Бетіне туралған кивиді тізіп шығамыз. Тізілген кивилер бір-бірімен өте тығыз орналасуы тиіс. Ұлудың көзін дайындау үшін жұмыртқаның ағын және қара бұрышты қолданамыз. Ұлудың табаны мен құйрықтарын майда қиярмен сәндейміз. Құлағын әзірлеу үшін ортасынан бөлінген қиярды қоямыз. Тіліне қызыл бұрышты немесе қызанақты пайдалануымызға болады. «Көңілді ұлу» салаты дайын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *