Компьютер: пайдасы мен зияны

Балалар! Өздерің жақсы білесіңдер, компьютер, бізге қысқа әрі нақты мәліметтер береді. Сондай-ақ, математикалық және мәндік жұмыстарды қатесіз орындайды. Дегенмен оларды құрастыратын адамдар болғандықтан, олар сезім иесі емес. Тек берілген команданы орындаушы. Әр компьютер тек өзінің жабдықталған программалары бойынша қызмет жасай алады (мысалға: тек жазу программалары құрылған компьютерде бейне, суреттермен жұмыс жасау мүмкін емес). Олардың да ішкі техникалық жабдықталуына байланысты қуаты күшті және жұмыс істеу мүмкіндігі шектеулі болады. ЖаҺандану заманында бірде-бір шаруа компьютердің көмегінсіз жүзеге аспайды. Компьютерлер медицина саласында да үлкен күрделі мәселелерді шешуге көмектеіп келеді.
Біздің айтпағымыз, компьютердің жетістігі емес, алдарыңдағы техника құралын дұрыс пайдаланудың жолдарын әңгімелеу. Мысалы, «туннельный синдром» деп аталатын қолдың саусақтары мен қол, мойын, білек ауыруы адамдардың пернетақтамен және «тышқанмен» ұзақ уақыт үзіліссіз жұмыс істеуі салдарынан пайда болады. Компьютер адамның көздеріне, жүйке жүйесіне, тірек қимыл мүшелері мен бұлшық еттерге де зияны бар. Айталық, монитордың алдында ұзақ отыру, әрі дұрыс отырмау. Компьютер құралдарының (процессор, монитор) дұрыс орналаспауы. Компьютер ойындарына беріліп кетіп, ереже сақтамай шектен тыс колдану. Көздің талуы, бас ауруы, желке тарту, арқа, аяқ бұлшық еттерінің шаршауы адам баласының денсаулығына кері әсер береді. Мысалы, баланың ұйқысы бұзылып, еске сақтау қабілеті төмендейді. Желке, бел омыртқаның сіреспе ауруына шалдығады. Тіпті шаш түсу, тереңге әсер беру аруларына (электромагниттік сәуле болғандықтан) жол беруі мүмкін. Сөйтіп, күйзеліске ұшырап, аллергиялық ауруларға бой алдырғыш болады.Компьютермен аса көп жұмыс жасайтын адамдардың қимыл, әрекеті азаяды, қан айналысы, ас қорту, және басқа зат алмасу қызметтерін баяулатады. Бұл ұзақ уақыт жалғаса берсе, адам әр түрлі науқасқа ұшырауы әбден мүмкін.
Денсаулығыңды ойласаң, балақай, біз саған мына төмендегі ережелерді жадыңа сақта дейміз:
1. Компьютер алдында ұзақ отырма. 15 минут сайын орныңнан тұрып, жаттығу жасап, көзді демалдыруды әдетке айналдыр.
2. Суреттерде көрсетілгендей,дұрыс әрі өте ыңғайлы отыруға үйрен. Немесе отырысыңды жиі өзгерт.
3. 5-7 жаста күніне 30 минуттан, 8-10 жаста 2 сағат, 11-14 жаста 3,4 сағат, ересек балалар мен үлкендерге 6-8 сағаттан артық компьютер алдында отыру — денеге, ақыл-ойға, жүйкеге артық салмақ түсіреді. Сондықтан дер кезінде компьютерден алыстауға дағдылан.
4. Компьютер техниканың бір түрі ғана. Кез келген келеңсіз немесе оқыс жағдайларға бола ашуланып, жүйкенді шаршатпа (әсіресе ойын ойнағанда).
5. Қолданатын мониторды таңдай алмасаң, көз, жүйке шаршауларына көп әсері барын ұмытпаңдар.
6. Қараңғы бөлмеде компьютермен жұмыс істемегенің дұрыс. Себебі экран жарығы қараңғы ортада көзге тікелей әрі өткір әсер етеді. Мониторды орналастырғанда, үстіңгі бөлігі тура қарағандағы көзіңнің деңгейінде немесе сәл жоғары орналасуы керек (бұл басты тік ұстауға, желке сіресу ауруының болмауына, тез шаршамауыңа көмектеседі).
7. 1 монитор тұратын аумақ шамамен 9-10 квадрат метр болуы тиіс. Бұның сыртында телевизор немесе қосымша экранның қосылып тұруы зиян. Ауа иондаушы, ауа дымқылдандырушы құралдар тұрса тіптен жақсы.
8. Басқа да керекті құралдар өзіңе жақын әрі ыңғайлы орналассын. Бір құралдың алыс орналасуынан қисық отырып жұмыс істеу арқылы, омыртқа буындарының зақымдалуын туындатады.
9. Отырған орындығың арқаны тік ұстайтындай арқалығы және шынтақ тіреуіші болғаны жөн. Әрі аяғың табаны толық жерге немесе тіреуішке тиетіндей биіктігін тарылтатын тетігі бар, жылжымалы, орнықты, 5 дөңгелекті болғаны жақсы.
10. Жұмыс арасында қимыл әрекетті жиі жасап, бос уақытыңда гимнастикамен шұғылданыңдар.
Дайындаған: Серік Өміртай.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *