Ақмола облысы

Қазакстан Республикасының орталығында орналаскан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1939 жылы құрылған. 1961-1992 жылдары Целиноград облысы болып аталды. Жер аумағы 146,2 мың км2. Тұрғыны 746,6 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-қа 5,1 адамнан келеді (2006 ж.). Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 калалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдык әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталық — Көкшетау қаласы. Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдеуінде орналасқан.

Кен байлықтары. Кен байлықтарынан алтын, уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құмы, қүрылыс материалдары, т.б. өндіріледі.

Климаты. Климаты тым континенттік, қысы ұзақ (5,5 айға созылады) суық, жазы коңыржай, ыстық. Қаңтардың орташа темпертурасы — 16-18°С, шілдеде 19-21°С. Тұрақты қар жамылғысы карашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130-140 күн, солтүстігінде 150-155 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 20-22 см. Солтүстігінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм. оңтүстігінде 250 мм. Облыста солтүстіктен оңтүстікке қарай қара қоңыр, қоңыр, ашық қоныр топырақ белдеул ері бірін-бірі алмастырады. Олардың көпшілігі жыртылған.

Өзен-көлдері. Ірі өзендері Есіл, оның салалары — Қалқұтан, Жабай, Терісаққан, Нұра, Сілеті, Өлеңті, Құланөтпес. Облыста көл көп, олардың 94-і тұщы. Ірі тұщы көлдері Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар. Ірі тұзды көлдері Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Астана, Сілеті бөгені бар. Олардан баска жер суғаруға арналып
37 тоған салынған, жалпы су көлемі
180 600 000 мЗ. Қор-ғалжын көл жүйесін сумен толықтыру және Астананың өнеркәсібін сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өзені арқылы
70 000 000-74 000 000 мЗ Ертіс суы беріледі.

Флора мен фауна. Өсімдіктің 73 тұқымдасы, 800-ден астам түрі кездеседі. Негізінен қылқан, селеу, бетеге, далалық жоңышқа, таспашөп, жебіршөп, қазтабан, сәбізшөп, жусан. Өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас және әр түрлі шөп аралас шалғын, ұсақ шоқыларда шоқ қарағай, кайың, көктерек, түрлі бұталар өседі. Облыс табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің 55, құстың 80, бауырымен жорғалаушылардың 8, қосмекенділердің 3, балықтың 30 түрі мекендейді. Облыстың солтүстігіндегі ормандарда бұлан, сібір елігі, сілеусін, ақкіс, ак қоян, тиін, еуропа кірпісі, орман құстары (құр, аққұр, тоқылдақ), жыртқыш құстар (қарақұс, шаңқылдақ қыран, кезкұйрық, жамансары, күйкентай, жағалтай), сауысқан, алақарға, жауқара кездеседі. Суларында мөңке, оңғақ, лақа, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Қорғалжын, Ерейментау, Атбасар мемлекеттік қорықтары бар.

Қалалары мен өнеркәсібі. Қалалары — Астана, Степногорск, Атбасар, Макинск, Аккөл, Есіл, Ерейментау, Щучинск. Облыс өнеркәсібі өндіру және өңдеу салаларынан тұрады. Ауыл шаруашылық машиналарын жасауға, астық өндіруге, сүтті, етті мал өсіруге мамандандырылған. Облыс аумағындағы темір жолдардың ұзындығы 1531 км. Облыс жері арқылы Петропавл — Астана — Қарағанды, Қарағанды — Астана — Павлодар темір жолдары. Көкшетау — Астана — Қарағанды, Қостанай — Астана — Павлодар, Астана – Алматы автомобиль жолдары өтеді.

ПІКІР ЖАЗУ