Абылай ханның қонысы

Бурабай көлі.

Көкшетау қаласы 1999 жылдың 8 сәуірінен бастап Көкшетау қаласы Ақмола облысының әкімшілік орталығына айналды.
Қазақстан өзінің көрікті әрі әдемі қалаларымен мақтана алады. Табиғаты әсем сондай сұлу қалалардың бірі – Көкшетау. Көкшетау өңіріне халық ежелгі заманда-ақ қоныстана бастаған. VІ-ХІІІ ғасырларда Түрік қағандығының құрамында, ыдырағаннан кейін қимақ, қыпшақ т.б. түркі тайпаларының иеліктерінде болған. ХVІІ ғасырдың орта тұсында пайда болған Жоңғар хандығы қазақ халқына үлкен қатер төндірді. Қазақ даласының басқа жерлері сияқты Көкшетау өлкесінде де жоңғарлармен болған қиян-кескі шайқастарда қазақ батырлары (Бөгенбай, Сары, Баян, Қарасай, Ағынтай, Қабанбай, Олжабай т.б.) асқан ерлік көрсеткен. ХҮІІІ ғасырдың 40-жылдарынан бастап ордасын Көкшетауға тіккен Абылай хан басқарған Қазақ хандығы өзінің бұрынғы күш-қуатын қалпына келтірді. Қазақ хандығы ыдырағаннан кейін Көкшетау өңірі Абылай хан әулетінің ата қонысына айналды.

Абылайхан ескерткіші.

Оқу орындары: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті өңірдегі 45 жылдан астам шежіре тарихы бар Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Университетте әлемдік білім стандартына сай, жоғары білікті мамандар даярланады. Сапалы маман дайындау мақсатында университетте қосарлы оқыту жүйесі, менеджмент сапасының жүйесі, «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесі қосылған.

Демалыс орындары: Дүниежүзіне танылған Қазақстанның ең киелі әрі көрікті әсем жері – Бурабай курорты. «Оқжетпес» , «Щучинск», «Жеке Батыр», «Голубой Залив» сияқты ірі-ірі демалыс үйлері мен балалар лагерьлері орналасқан.

Бурабай. Бурабай – Көкшетау қыратындағы тұйық көл. Ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км, орташа терең-дігі 4,5 м, ең терең жері 7 м, жағалауының ұзындығы 13,6 км, су жиналатын алабы 164 км2. Тектоникалық ойыста жатқан көл дөңгелек пішінді, табаны тегіс, солтүстікке қарай еңістеу келген. Солтүстік, батыс жә-не оңтүстік жағалаулары граниттен түзілген, шығысы – құмдауытты. Бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір, түбіне дейін айқын көрінеді. Жақын жатқан көлдерден (Үлкен және Кіші Шабақты, Шортанды, Қотыркөл, Жөкей, т.б.) аласа жоталармен бөлінген. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде жартасты-жарқабақты келген кішігірім «Жұмбақтас» аралы орналасқан. Оның шоқтығы айдын бетінен 20 метрге көтерілген.

Бурабай-Шортан, Үлкен және Кіші Шабақты, Зеренді көлдері мен жүздеген өзен-сулар өлкенің таратылған бұрымындай, алқасына тағылған інжу-маржанындай. Саябақта өсімдіктердің 757 түрі өседі, оның 95-і сирек және жойылып кету қаупі бар. Мұнда омыртқалы жануарлардың 305 түрі мекендейді, олардың 87-сі сирек кездесетін түрлер. Мұнда кәдімгі бұғы және асканияның буданды бұғылары жерсіндірілген. Сонымен қатар үгілу мен желдің әсерінен ерекше тас мүсіндер қалыптасқан.

Жанастан КУЧУКОВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *