Өнегелі рәсім

Қ.А.Яссауи атындағы № 123 мектеп-гимназияның мәжіліс залында оқушыларды «Жас ұлан» ұйымына қабылдау салтанаты өтті. Ұйымға 5-7-сыныптардан іріктелген ең үздік, ең белсенді оқушылар қабылданды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мақсат Ғабдулманапұлы:
Жасұлан – жігерлі де, жайдарлы ұйым,
Төл мерекең жыл сайын тойланды, ұйым!
Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға,
Жасұлан – жалынды ұйым, айбарлы ұйым,
деп, өлең-жырмен әсерлі жүргі-зіп, жас-ұландықтардың алдағы міндет-мақсаттарын белгілеп берді. Мектеп директоры Арпабеков Бақытбек Ильясұлы оларды ұйымға қабылдауға рұқсат бергеннен кейін, келген қонақтар ұйымға қабылданған оқушыларға галстук тағудың өнегелі рәсімін жасады. Кеш соңында өнерпаз жас ұландар патриоттық тақырыптағы шағын концертін қойып берді.
Өз тілшімізден.

ПІКІР ЖАЗУ