Жұлдыз-жорамал

Балықтар. Түсінігі мол әрі сезімтал келген балық-тарға 2012 жыл – сәтті жыл. Көптен бергі аңсаған арманыңа аз уақытта жететін боласың. Дегенімен, өз бойыңдағы қасиетіңді жоғалтпа. Айналаңдағы достарың саған қолдау көрсетеді.

Тоқты. Әрдайым қызық пен жаңашылдыққа жаны құмар
жансың. Қиындықтан қалай шығу жолдарын да жылдам
шеше аласың. Өзің таңдаған мамандыққа қол жеткізесің.

Торпақ. Торпақтар ұлу жылының алғашқы айларын
жақсы жаңалықтармен қарсы алады. Бір істі бастаған-да, асығыстыққа жол бермеуге тырыс, соңында сенімді түрде көздеген мақсатыңа жетесің.

Егіздер. Егіздер, жігерлі әрі тез шешім қабылдай-ды, бәріне қабілетті. Сенен теңдесі жоқ зергер, тігінші, тіс дәрігері шығады. Поэзияға, өнерге құмар жансың. Ашық-жарқын мінезіңмен көзге түсіп, жолың ашық болады.

Шаян. Шаянның өздері ұнатпайтын, қанағаттандырмай-тын іске араласпағандары жөн. Себебі одан қорытынды шықпауы ықтимал. Жаңа жылдың алғашқы жартысында көп нәрсеге қолыңды жеткізесің.

Арыстан. Арыстан үшін бүкіл өмір – үлкен сахна.
Көпшіліктің көзіне тез түсіп, әрі олардың көңілінен шыға біледі. Мектеп табалдырығында жүрген ұстаз-дарың мен достарың сенен үміт күтеді.

Бикеш. Бикештер бастаған ісін аяғына дейін жеткізбей тынбайды. Осы бетіңнен қайтпа. Бұл қасиет биік шыңға жетелейді. Шығармашылығыңды үзбей жалғастырғаның жөн.

Таразы. Тартымды таразылар адамдармен тез араласу-дың жөнін біледі. Жаңа жылдың ортасына таман жаңа достармен танысасың. Алдыңда үлкен сын күтіп тұр. Олардан сүрінбей өтетіндей мүмкіндігің бар.Тек өзіңе сенсең болғаны.

Сарышаян. Сарышаяндар – бір-біріне ұқсай бермейді. Сондықтан сені қызықтыратын ортақ істі ерекшелеп айту оңай емес. Ең бастысы, алдыңа бір мақсат қойып, соған қол жеткізу. Спортпен айналысуды естен шығарма.

Мерген. Мергендер – терең ойлы жандар. Бұл жұлдыз көптеген философтар мен ойшылдарды дүниеге әкелген. Саяхатқа шығып, ел аралау – сүйікті ісің. Сенен отбасың үлкен үміт күтуде. Әдеби кітаптарды жиі оқып тұруды естен шығармағайсың.

Тауешкі. Өте еңбекқор жансың. Кез-келген дүниеге еңбегіңді аямайсың. Сол үшін де сені ұстаздар өте жақсы көреді, әрі сабағыңнан үлгеріміңді байқайды. Тек алға қарай ұмтыла бер.

Суқұйғыш. Талғампаз Суқұйғыштарда әртіске тән қасиет бар. Талабың жетістікке жетелейді. Дегенімен, бірқалыпты жұмыстан бойыңды аулақ ұстағаның жөн.

ПІКІР ЖАЗУ