Кітап — қашанда қастерлі

Мектеп кітапханашысы Ғалия Хамитқызы Умарова 5 «а» сынып оқушылары арасында «Кітап – қашанда қастерлі» атты конференция өткізді.
Ғ.Х.Умарова кіріс-пе сөзінде қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі – мектеп кітапханасы екенін баса айтты. Ақпарат құралдары дамыған жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі жан дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын рухани азығы болып қала бермек деп қорытындылады. Оқушылардың жыл бойы қанша кітап оқығаны жөнінде сұрады. Мысалы, С.Смағұлова «Мөлдір бұлақ» журналынан оқыған әңгімелерінен үзінді келтірді. Ә.Исмаилова «Балдырған» журналынан Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы жайында оқығанын хабардар етті. И.Усманова Ақша хан ертегісін, сол сияқты А.Тұрдыбекова, К.Жұмабергенова, Ж.Жүрер, М.Әнуарбек, А.Назымбеков өздері оқыған кітаптарынан үзінді келтірді. Сонымен қатар кітапты қалай күтіп ұстау керектігі жөнінде тәлімді тәрбие алды. Конференция соңында Ғ.Х.Умарова оқушыларға өзі дайындаған сыйлығын тарту етті.
А.АБИЛГАЛАМОВА.
Екібастұз қаласы,
№ 28 Абай атындағы мектеп.s

ПІКІР ЖАЗУ