Құрт ауруы — жазылатын індет

8bet_f111Әлемде ең көп тараған жұқпалы инфекциялық аурулардың бірі.
Ауру  тұқым қуаламайды, ол адамнан адамға жұғады.
Балаға күні бойы  жөтелгенде, түшкіргенде аузын қол орамалымен, немесе қолының сырт жағымен жауып, сырт айналып бұрылуды үйрету керек. Себебі, құрт ауыруы(туберкулез) микробактериясы адам ағзасына түсе салысымен, дами бастайтын жұқпалы ауру. Туберкулезге шалдыққан науқастың жерге немесе еденге түкірген түкірігі кеуіп, оның ұсақ бөлшектері шаңмен араласып, ауада желіп жүреді. Заттарға, киімдерге және қабырғаларға қонады. Бұл жағымсыз әдеттен, яғни қақырықты немесе түкірікті қалай болса солай түкіруден қоғамды арылту қажет. Күн сәулесінің тікелей әсерінен қақырықтың жұқа қабатындағы туберкулез микробактериялары 1-3 сағат ішінде өз тіршілігін жояды, көше шаңдарында олар 2 апта мерзімінде, ал кітап парақтарында – 3 айға дейін, суда – 5 айға дейін сақталып қала алады.
Қазірігі кезеңде туберкулезді анықтаудың ең дәл әдісі: бактериологиялық, рентгенологиялық диагностика және балалар мен жасөспірімдерде манту сынамасы болып табылады.

8bet_f31

Алматы қаласындағы № 83 мектептің оқушылары Әйгерім Алтаева, Ақбота Молдан, Қуандық Айдарұлы, Аспандияр Асанғазиев тазалықты барынша сақтайды.

Туберкулездің басты белгілері:
Жөтелдің 2 аптадан астам уақытқа созылуы,
қатты шаршау,
әлсіздік,
тәбеттің төмендеуі,
дене салмағының азаюы,
кеуде қуысының ауруы,
түнгі уақыттағы терлеу,
дене қызуының көтерілуі болып табылады.

Құрт – жазылатын ауру, оны емдеудің толық курсы тегін.
DOTS — әдістемесі бойынша емі қазіргі жағдайда 2 кезеңнен тұрады,  қарқынды кезең (4-5 дәрімен 2-3 ай емдеу). Демеуші кезең (2-3 дәрімен 4-5 ай кейде 7 айға дейін емдеу). Қосымша халық емін де қабылдауға болады. Қымыз, шұбат, бал, прополис, жаңғақты пайдалануды күнде қолданса да артықтық етпейді. Туберкулезге қарсы препараттарды толық үзбей бақылау арқылы қабылдап, жұқпалы аурудың бактерияларының бөлінуі тоқтап, науқастың жалпы күйі, рентгенограммада өкпедегі асқынған өзгерістер жойылғанда ғана ем тиімді нәтиже береді деуге болады.
Қорыта келгенде, бала болсын, үлкен адам болсын, кез келген ортада тазалық мәдениетін сақтамайынша, жалпы мәдениеттің болуы мүмкін емес. Санитарлық ағарту жұмыстары өз деңгейінде дұрыс жолға қойылмайынша, тұрғындардың денсаулығына кепілдік беру қиын. Ал кез келген мемлекеттің іргесінің берік болуы — онда өмір сүретін азаматтардың денінің саулығана байланысты.

Эльмира Нусупова. Атырау облыстық  туберкулезге қарсы күресу диспансерінің дәрігері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *