Мұңды әнімен сыр іздеген

10bet_f116Әсем әуенді әндері көпшілікке, әсіресе жастар  арасында  тез тарайтын, үнемі шығармашылығын  жаңартып отыратын, әрдайым  ізденіс  жолында  жүретін  жас әнші Қайрат Нұртаспен сұхбаттасқан едік.

— Алғашқы сауалымызды шығармашылықтағы  жаңалықтарыңыздан бастасақ.  

— Биыл  шығармашылығымда жаңалықтар өте көп. Көзді ашып-жұмғанша дуэттермен қосқанда жаңа он екідей ән жазып қойыппын. Репертуарымдағы ең алғашқы «Арман» атты әнімнің авторы, белгілі сазгер Бауыржан Есебаев ағамызбен әлі де тығыз шығармашылық байланыстамын. Әндер Баян Есентаеваның студиясында әрленіп жазылады. Тағы бір айтар жаңалығым әндеріме би қостым. Менің репертуарымдағы әндердің дені махаббат жайында. Жақында осындай сезімді әндерді топтастырған «Өкініш» атты жаңа үнтаспам жарыққа шықты.

— Өнердегі алғашқы қадамыңыз жайлы айтып өтсеңіз.

— Менің сахна төрінде жүргеніме  10 жыл болды. Өнерім балалық шақтан басталды. Мектеп қабырғасында жүргенімде «Әнші балапан» ән байқауы балаларды қатты қызықтыратын. Мектепте әнші болып көзге түсіп жүрген мен де  солардың арасында өнер көрсетуге шақырлатынмын.  Өзім сабақты 3 пен 4 ке оқитынмын, бірақ  бәрі сыйлап, мектептің айнасы деп құрметтейтін.  Ең алғаш үлкен сахнаға «Шаншар» театрында шықтым.

— Мұңды әндеріңіз көптің көңілінен шығып жүр. Ал көңілді әндерді орындау ойда бар ма?

— Көңілді әндерім жоқ деп айта алмаймын. Мәселен, «Қыздар-ай», «Әдемісің,  қарындас», «Жас дәурен», «Жүрегімді махаббат өртесін», «Ақ құсым» сияқты көңілді әндерім бар ғой. Десе де, менің табиғатыма көбіне мұңды әндер тән болғандықтан, сол бағытта ән айтамын және сол әндер тыңдармандарымның көңілінен шығып жатады. Мен соған ризамын.

— Қайрат,  көрермен сізбен бірге анаңызды да таниды. Ал әкеңіз туралы көп біле бермейміз.  Жалпы  отбасыңыз туралы айта отырсаңыз.

— Әкемді концертім  болған сайын үнемі орнынан тұрғызып көрсетемін ғой. Ал анам өнер адамы болмаса да, сіздерге таныс. Себебі, ол кісі өте пысық, шаршамайды, аяғы аяғына тимей жүгіре береді. Артымнан ерген екі інім бар. Заңғар —

боксшы, Аян — футболшы,  екеуі де  аталған  спорт түрлеріне қатысқанына 10 жыл болыпты.

— Бала күніңізді еске түсіріп көріңізші. Анаңызға көмектесіп, інілеріңізге қараушы ма едіңіз, әлде далаға қашып кететін тілазар болдыңыз ба?

— Анам неге екенін қайдам, інілерімнен гөрі мені көбірек жұмсайтын. «Қайрат, ананы істей салшы, мынаны сөйте салшы» дейтін де жүретін. Керек десеңіз, еденге дейін жуғызды ғой (күліп). Қыздар істейтін шаруалардың біразын істеп тастадық, негізі. Бірақ оған еш өкінбеймін.

— Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен  Кәмшат Айдарханова.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *