Ауыр атлетикада күштілердің біріміз

11bet_f45Жуырда Францияның Париж қаласында ауыр атлетикадан Әлем біріншілігі мәресіне жетті. Осы әлемдік додада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс медаль олжалап, жалпы есепте Қытай мен Ресейден кейінгі үшінші мәртебелі орынды иеленді.
Сөйтіп, біздің ауыр атлеттер әлемдік доданың қомандалық сайысында үшінші рет үздік үш мемлекеттің қатарынан табылып, ауыр атлеттеріміздің күштілігін дәлелдеді. Алғашында сайыстың соңғы күнін жерлестеріміз сәтсіз бастаған.
11bet_f25Бірақ алаңға Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы және әлемнің екі дүркін чемпионы,  саңлақ спортшымыз Илья Ильин шыға келгенде, барша жанкүйер ду қол соғып, оның есімін ерекше құрметпен атап жатты. Дегенімен, 94 кило салмақты жұлқа көтеруден басты бәсеке кореялық Мин Джая Ким, ресейлік Александр Иванов, украиналық Артем Иванов және Илья Ильин арасында қызған еді. Бірақ 186 кило салмақты еңсерген қос Иванов бірден алға шықты да, бұл салмақ Кимге бағынбады.

Илья үшеуінен де асып түсіп, өзі тапсырыс берген салмақты көтеріп еді, неге екенін, төрешілер оны есепке алмай қойды. Сөйтіп, ол жұлқа көтеруден төртінші орынмен қорытындылаған.

Илья Ильиннен күткен үмітіміз орындалмай, салымыз суға кеткендей күйге түскенбіз. Сөйтсек, серпе көтеруден Ильяның жұлдызы да, бағы да жанып тұр екен.

11bet_f112

Қалған атлеттердің ең жоғарғы көрсеткіші 221 киломен шектелгенде, ол 226 килоға тапсырыс беріп, бұл батпан  салмақты өзі діттегендей көтеріп, өзгелерден оқ бойы алға шықты. Украина зілтеміршісі жерлесімізден бір кило артық көтеруге бекініп еді, онысынан нәтиже шықпады. Сөйтіп, Ильин өзінің үшінші мүмкіндігін пайдаланбай-ақ қос сайыс бойынша 407 көрсеткішімен (181-226) әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Украиналық Артем Иванов та осындай нәтиже көрсеткенімен, оның өз салмағы Ильядан ауырлау болып, күміс медальмен қанағаттанды.
Жеңіс тұғырына көтеріліп, қазақ әнұраны орындалған кезде, Ильяның көз жасы көлдей ақты. Иә, бұл қуаныш жасы еді. Үш дүркін әлем чемпионы атану оңай дейсің бе. Және қазақ еліндегі ең тұңғыш үш дүркін әлем саңлағы болса. Ол баспасөзге берген сұқбатында бұл жеңісін Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнайтынын үлкен толқыныспен жеткізді. 11bet_f37Ильядан бұрын әлемдік чемпионаттың алтын тұғырына жерлесіміз Зульфия Чиншанло да көтерілген болатын. Ол серпе көтеруден 130 килоны алып, әлемдік рекордқа түзету  енгізгенімен  қоймай, 53 кило салмақта көш бастады. Және екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ал Майя Манеза мен Светлана Подобедова екінші орынмен күмісті қанағат тұтты.
Жалпыкомандалық  есеп бойынша:
1. Қытай – 6 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль.
2. Ресей – 4,3,1;
3. Қазақстан – 2 алтын, 2 күміс:
4. Иран – 2,1,1:
5. Белорусь – 1 алтын;
6. Украина – 1 күміс, 2 қола.

Өз тілшімізден.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *