«Балаларымыз — біздің бақытымыз»

12-bet_f3Алматы қаласындағы «Шаңырақ – 2» ықшамауданындағы № 26 жалпы білім беретін мектепте еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай және 20 қараша – Бүкіл дүниежүзілік балалар күні мерекесіне арналып «Балаларымыз – біздің бақытымыз» атты кездесу кеші болып өтті.
Ұйымдастырылған кешке ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, «Алматы ақшамы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Әнуарбек Әуелбек қатысты. Кездесуде мектеп басшысы Баян Елеунұрова оқушылар мен ұстаздарға ел тәуелсіздігі туралы сыр толғаса, мектеп оқушылары ақын өлеңдерін нақышына келтіре жатқа оқыды.  Жиын барысында ақын, өз өмірі мен  шығармашылығы жайлы сөз қозғай келіп, оқушылардың сауалдарына жауап берді. Кеште мектеп оқушылары ақынның әндерін орындады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *