Абай қолжазбасы

12bet_f19Қараша айының 25-ші жұлдызы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында  «Абайдың қолжазбасы» атты көрме ашылды.
Көрмеге ҚР  МОМ қорында көп жылдар бойы сақталып келген, Абай шығарма-ларын жинақтаған Мүрсейіт Бікіұлы (1860-1917ж.ж.) қолжазбасының 4-ші нұсқасы алғаш рет қойылды. Бұл қолжазбаның бүгінгі күнге дейін үш нұсқасы ғана белгілі.Көрмеде Абай Құнанбайұлына байланысты сирек кездесетін экспонаттар мен деректер, түрлі мемлекеттерден анықталынған хаттардың көшірмелері, Абай балаларының портреттері, оның шығармаларының әртүрлі кезеңдердегі басылымдары ұсынылды.

ПІКІР ЖАЗУ