Ахмет ағаларың — Тіл жанашыры

13bet_f5555«Қазақстан—ZAMAN»  ЖШС  Бас директоры Ахмет Аляз «Тіл жанашыры-2011»  құрмет белгісімен марапатталды.   Марапаттау рәсімі Астанада «Бейбітшілік және келісім» сарайында өтті.  «Тілдерді қолдану және дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл үшінші рет өткізіліп отырған шарада ана тіліміздің көркеюі мен өсіп-өркендеуіне шынайы жанашырлық танытып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының  танымал өкілдерінің есімдері аталып, өңіріне арнайы құрмет белгісін тақты. 2008 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат (сол кезде) министрлігінің тікелей қолдауымен, ұлтжанды азаматтардың ұйымдастыруымен «Тіл жанашыры» құрмет белгісі тағайындалған болатын. Қазақ тілін зерттеп, оның тарихын қайта жаңғыртуға атсалысқан бір топ шетелдік ғалымдар да аталмыш марапатқа ие болған. Атап айтсақ, түркиялық  профессор Абдуахаб Қара, Еуропа Қыпшақтар қауымдастығының президенті Вад Ласло, мюнхендік Кайум Кесижи, Ханкук университетінің профессоры Йун Си Нэ,  Индиана университетінен Уильям Фиерман «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері.

ПІКІР ЖАЗУ