Отбасымыздағы сәйкестіктер

Биыл тәуелсіз елімізге 20 жыл толып отыр. Біздің отбасы тәуелсіздікке құрметпен қарайды. Себебі, әкем мен анам Алматы қаласында оқыған. Студент кезінде «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан. Ал, ағам 1991  жылы дүниеге келіп, қазір Ақтөбе қаласында жоғары оқу орнында оқиды. Жасы 20-да. Тәуелсіз Қазақстанның құрдасы. Тек бұл ғана емес, әпкем Әйгерім 1993 жылы дүниеге келген. Бұл жылы еліміздің төл теңгесі дүниеге келген. Міне, осындай сәйкестік біздің отбасының мақтанышы.

Мен де мектепте оқу озатымын. Егеменді елдің іргетасын қалаушымын. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» — деп Абай атамыз айтқандай, кірпіш болып қаланып, ата-баба ерлігі мен рухынан нәр алып, Отанымның өркендеп-өсуіне бар күш-жігерімді аямаймын. Тезірек өсіп, ер жетіп Қазақстанға өз үлесімді қоссам деймін. Дана халқымыз «Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады» — деген ғой. Елбасымыздың: «Қазақстанның болашағы, балалар, сіздердің қолдарыңызда» — деп айтқан аталық сөзін ақтай аламын деген сенімдемін.

Аружан ГАГАРИНҚЫЗЫ.

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы.

ПІКІР ЖАЗУ