Тәуелсіздік – жүзеге асқан арман

Мейірім НҰРҚЫЛ. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,  Мәдімар ауылы.

Мейірім НҰРҚЫЛ. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Мәдімар ауылы.

Тәуелсіздік деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Бұл күнге бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған бірлігіміздің арқасында жеттік. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Тарихымызда ерекше орны бар, халықтың қасиеті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» қазақ халқын дүние жүзіне танытты. Бұл оқиғаның алғашқы құрбандары: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз деп санаймыз. 1991 жылы ақ түйенің қарны жарылып, шаттыққа бөлендік. Ел өмірі түгелімен өзгеріп, дамудың жаңа жолына көшті. ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқанымыздың өзі ұлы тұлғалардың салып кеткен жолы, олардың Отанына, жеріне, халқына деген сүйіспеншілігінің жемісі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атамыз да ел басқаруда бірден-бір дұрыс стратегиялық бағытты таңдап ала білді. М.Жұмабаев ағамыз айтқандай, дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.

Гүлайым  ЖӘУМІТ.

Ақтөбе облысы,  Байғанин ауданы,  Кемерши ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ