Тілім жайлы сыр толғасам (ой толғау)

«Қазақ тілі – өте бай тіл. Поэзияда Абай, Ілияс сияқты, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл. Мен осындай тілімізді таза ұстайық деймін» — деген жазушы Ғабит Мүсірепов. Біздің өзге тілді біліп үйренгеніміз дұрыс, ал өз ана тілімізді саф алтындай таза ұстап, толық меңгеруіміз керек.

1989 жылы қазан айында Республиканың Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстанның «Тіл туралы» Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Қазіргі уақытта қазақ тілі нағыз ғылымның тілі, іс-қағазының тілі, газеттің тілі, өркендеп келе жатқан мәдениетіміздің тілі болып қалыптасты. Ана тіліміз сөздік қоры жағынан мейлінше байып, өміршеңдігі артқан. Ана тіліміздің таза мол байлығын көркем әдебиетімізді оқыған сайын тұшынып, сезінеміз. Ақын-жазушыларымыз жазба әдебиетіміз арқылы тіліміздің терең тамырлап, кейінгі ұрпаққа мұра болып қалуына үлкен үлес қосып келеді.

Қазіргі уақытта қазақ тіліндегі көптеген бала-бақша, мектептер ашылуда. Бір қуантарлық жайт, елімізде тұратын көптеген өзге ұлт өкілдерінің ана тілімізді үйреніп, білуге деген құштарлығы артып келеді. Міне, осы  даңғыл жолда барша халқымыз қиыншылыққа мойымай, діттеген жеріне жететініне мен кәміл сенімдімін.

Назым  НҰРСҰЛТАН.

Астана қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *