Бүкіл әлем қолдаған

Біз тәуелсіз ел болдық,
Өз тағдырын қолға алған.
Елтаңбасын, көк туын
Бүкіл әлем қолдаған.

Татар, орыс, қырғызды
Туысқан деп білеміз.
Тәуелсіз, азат елімде
Бейбіт өмір сүреміз.

Салтанат ЕСПЕМБЕТОВА.
Алматы қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ