Қазақстан үкіметі

Қазақстан әкімшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке біріккен, 7719 ауылдық елді  мекендер бар.
Елордасы – Астана, ұлттық валютасы теңге.
Қазақстан заңдары 1995 жылы 30-тамызда қабылданған Конституция бойынша жұмыс істейді. Қазақстан Республикасын Президент басқарады. Республиканың ең жоғары өкілді органы – Парламент. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан, Мәжілістен тұрады.
Президент жарлығымен өкілдерін Парламент қабылдаған түрлі заңдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Үкіметті  Премьер-Министр басқарады. Үкімет құрамына министрліктер кіреді. Олар – Үкімет мүшелері.
Біз тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Біз де келешекте елімізге өз үлесімізді қосуға тырысамыз.
Ақбота ДӘУІРХАНҚЫЗЫ.
Алматы облысы, Талғар ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *