“Тәуелсіздік — тұғырым менің!”

Қадірлі жас дос!
Биыл ел Тәуелсіздігіне 20 жыл! Айтулы мерекеге байланысты  республика көлемінде көптеген шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде. Сол үрдіске өздеріңнің ақылшы достарыңа айналған журналдарың «Мөлдір бұлақ» жыл сайын үн қосып келеді. Соның жарқын дәлелі, дәстүрлі бәйгемізді «Тәуелсіздік— тұғырым менің!» деп атадық. Бәйге тақырыбы өзі айтып тұрғандай-ақ, оған  талдау жасаудың ешбір қажеттілігі жоқ. Қолыңа қаламыңды ал да, ақ қағаз бетіне ойыңды түсіре бер. Бірақ, 20 жылдық тарихымыз туралы дәйектерді ізденіп, талдай отырып жазуды естен шығарма. Редакцияға жолдайтын шығарманы кез келген жанрда жазуға болады. Оны сенің қабілетің біледі. Еркін, көсіле жазатын тақырып. Олай болса, шығарма шартымен танысқан соң-ақ, басылымға хат жолдауға бірден кірісетініңді білеміз. Әйтсе де, мектепте достарыңды, сыныбыңдағы құрбыларыңның біздің журналға жазылуына дәнекер болсаң, қандай ғанибет!
Шығармашылық бәйгесіне қосылып, «Жүзден жүйрік» атанған оқырманымызды мына төмендегідей сыйлықтар күтеді.
Бәйге сыйлықтары:
Бас бәйге – плазмалық теледидар;
I орын – 1 нетбук; 1 смартфон;
II орын – 3 санды фотоаппарат;
III орын – 4 магнитола.
“Ерекше шығармалары” үшін: 7 мектеп сөмкесі тігілді.
Сондай-ақ көптеген «Ынталандыру» сыйлықтары белгіленді.
Бәйгенің шарттары:
1. «Тәуелсіздік — тұғырым менің!» атты тақырыпта шығарма жазу.
2. Журналға жанашырлық танытып, ұйымдастырған жазылушылардың түбіртегінің көшірмесі хатпен қоса жіберіледі (мүмкіндігінше 12 айға жазылған абзал. 3 және 6 айлыққа жазылса, ұпай саны кемиді).
3. Журналға байланысты тың ойларың мен ұсыныс-пікірлеріңді жазып жібер.
Бәйге 2011 жылдың қыркүйегінен басталып, жылдың аяғына дейін жүргізіледі.
Ұйымдастыру алқасы.
Ескерту:   Хатта аты-жөнің, тұратын мекенжайың мен оның пошталық индексі, өзің жайлы мәліметті толық көрсет. Конверттің  сыртына «Тәуелсіздік — тұғырым менің!» деп жазуды ұмытпа.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *