Туған тіл мен өскен жер, ана тақырыптары…

minbay_aga_20112Ана тілі — кімге  де  болса ардақты! Іңгәлап дүниеге келген жас сәби тілі шыққаннан-ақ өзінің ана тілімен сөйлеуге талпынады. «Р»-ды «И»
деп, басында еркін сөй-лей алмағанымен, келе-келе «тиакти» дегенді ұмытып «трактор» деседі. Бұл заңды нәрсе. Ана тілін сүйе білу, оны та-
за қалпында сақтау, қол-дана білу кімге болса да парыз. Редакцияға түс-кен хаттардың дені осы өзінің төл тіліне арналыпты.
Тараз қаласы, Жамбыл атындағы № 5 мектептің 3-сынып оқушысы Айнұр Баяуова:
«Ана тілін қадірлейік, халқымыз,
Туған тілмен шықты біздің даңқымыз» деп, тебіренсе, Алматы қаласы, № 86 мектеп, 5-сынып оқушысы Жібек Мұса:
«Көп тіл білген тіпті ғажап емес пе,
Дегенмен де өз тілімді сүйемін» деп, ана тілін өзге тілдерден жоғары қоя жырына қосады. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының «Тұғыл» ауылынан жазған Зәуре Асқарқызы «Тұғылым» өлеңінде, 7-сынып оқушысы Исағұл Назым «Туған жерім – Қазақстан» өлеңінде өз өлкесінің сұлулығын суреттеп, ерекше тебіреніске бөленеді. Біраз өлеңдерде жас жеткіншектер туған жер табиғатын суреттеуге талпыныс жасайды. Мұны Алакөл ауданы, Қарабұлақ ауылынан жазған Думан Советханов «Көктем» деген өлеңінде:
«Көктем келді алақай,
Енді ойнаймыз, балақай…» әрі қарай «Біз жасаймыз», «Сыйлаймыз», «Мол болсын» секілді арзан сөздердің жетегінде кеткенін байқадық. Ал керісінше ОҚО-ның Сарыағаш ауданы Жібек жолы аулынан жазған Бағлан Апақтың «Көктем» өлеңі біршама тәуір шыққан. Табиғат құбылысын байқағыштығы көрініп тұр. Күзде егіс пісіп, диірменге тартылып ұнға айналатынын суреттейді.
Алматы қаласы Абай атындағы РММИ 9-сынып оқушысы Емелхан Алтынайдың «Жүректегі махаббат», Сарыағаш ауданы Дарбаза кеңшарынан жазған Жанар Дүйсенованың «Туған елім — Қазақстан», Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қызылқайың ауылынан жазған Дамир Шаймұратов өлеңдерінің көркемдік бояуы солғын, ұйқастары арзанқол, ойлары шашыраңқы шыққан.

Ана! Дүниеден анадан артық, анадан ардақты кім бар дейсің. Қазақтың «Алып-анадан, ат-биеден туады» деуі тегін айтылмаған. Күші асқан батыр да, ақиық атанған ақын да анадан туады. Кішкентай нәресте кіндік қаны жерге тамысымен жөргекке орап алып, бесікке бөленеді. Тербететін де, түн ұйқысын төрт бөліп нәрестесіне күйбең қағып құрақ ұшатын да — ана.
«Мөлдір бұлаққа» да Ана хақында жазған өлеңдер тасқыны толастар емес. Кәне, конвертті ашып көрелік. Аналары жайлы кімдер қалай тебіренген екен? Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына қарасты Есет ауылының Гагарин атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Меруерт Досанова «Асыл анам», «Ана тілім» деген екі өлеңін жолдапты. Өлеңді ықшам етіп жазып өз ойын талапқа сай жазуға талпынғаны көрініп тұр:
«Асыл анам, тірегімсің сен менің
Бір өзіңнен қуат алып, келемін.
Асыл анам, көгімдегі күнімсің,
Жылуыңды жүрегіммен сеземін».
Осы шумақта Меруерт өзінің анасына деген шексіз махаббатын, оның алатын орны ерекше екенін жыр жолымен жазуға жақсы талпыныс жасаған. Ал «Ана тілім» өлеңінде мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің биіктігін өлеңмен бейнелеуге ұмтылыс жасаған.
«Ана тілі – ар өлшемі, байлығы,
Ана тілі – әр қазақтың айбыны.
Ана тілі – азаттықтың ақ туы
Қазағымның мақтан тұтпас қай ұлы!».
Көрдіңіздер ме, бас аяғы бір шумақ өлеңде Меруерт қазақ тілінің қастерлі екенін, оның қасиетті ұғым екенін жүрек лүпілімен айта алған. Меруертке, алда да талабың тасқындай берсін деген тілек білдіреміз.
Сондай-ақ, Тараз қаласы №13 орта мектептің 3 А сынып оқушысы Аружан Мырзабаева да «Анашым» деген өлеңінде өз ойын айқын жеткізе білген. Ал, Алматы облысы, Райымбек ауданы Т.Жанұзақов атындағы орта мектептің 2 Б сынып оқушысы Жансая Еркінқызы, («Ана») Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкино ауылынан жазған  Б.Бақытжановтың «Анашым» өлеңдері талапқа сай шықпаған. Көркем жазылмаған. Бейнелеп жазу, ұйқас жақтары ақсап жатыр.

М.РӘШ, ақын,  Қазақстан Жазу-шылар одағының мүшесі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *