Балалар мен мұғалім

Екі бала келе жатып бір кітап тауып алады. Бірі айтты: «Кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын көрдім». Бірі айтты: «Жоқ, кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын жерден көтеріп алдым». Осылай балалар кітапқа таласып жатқанда, оларға бір мұғалім келеді де, балалардан сұрады: «Оқи білесіңдер ме?» — деп.
Балалар: «Жоқ, оқи білмейміз», — деді. «Егер оқи білмесеңдер, кітап сендерге неге керек, бұл кітапты мен алайын, қай бұрын оқи білгеніңе берермін» — деді ол.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *