Тутанхамон қабірінің ашылуы

Tutankhamon exhibition press preview Picture shows Professor andБүкіл әлемнің оқымыстылары мен археологтары Мысыр перғаунының қабірін ашуға қатты қызығатын. Өйткені, одан ғылым үшін аса бағалы да құнды заттарды табуға болатын. Бірақ перғаундардың Ежелгі және Орта патшалығындағы қабірлер түгелдей тоналып біткен. Ал, Жаңа патшалық дәуіріндегі қабірлер көптен бері табылмай келген. Сондықтан ежелгі Мысыр патшалықтарының қабірлері қандай күйде болғаны ғылымға белгісіз еді. Бірде Лухсорға кездейсоқ келген белгілі археолог Говард Картер патша-лар алаңындағы биік төбеден бұрын белгісіз болып келген қорым барын естіп, барып көреді.

Лорд Карнарвонның қаржыландыруымен Г. Картер осы қорымды 1917 жылдың күзінен бастап қазуға кіріседі. Содан 1922 жылға дейін қорымның астынан мыңдаған тонна қазынды тас алып, мыңдаған фунт стерлинг ақша жұмсалғанымен, еш нәтиже шықпайды. Олар да алған беттерінен қайтпай қазуды жалғастыра береді. 26-қарашаның таңы Картер үшін ең бақытты сәттердің біріне айналады. Сол күні Картер дәліз түкпіріндегі есік орнының жоғарғы сол жақ бұрышының қалың қабырғасын төмпештеп ұрып тескені сол еді, тесік саңлауынан бұдан 30 ғасыр бұрынғы адамдардың дем алған қызған ауасы бұрқ ете қалады. Май шамның жарығын түсіріп, саңлаудан қарағаны сол еді, бұдан бұрын мысыртанушылар бастан өткеріп көрмеген таңқаларлық құбылысты көреді. Ар жағындағы бөлме кәдімгі мұражай сияқты, неше түрлі таңғажайып заттарды байқалады. Бірақ ешқандай қабір, саркофаг, мумияның ізі де жоқ еді. Содан оны тағы бір құпия бөлменің бірі деген шешімге келеді. Оң жақтағы қабырғаға анықтап қараған кезде, қара сырмен боялған фараон бейнесіндегі бір-біріне бетпе-бет қарап тұрған екі статуяның арасынан салынған есіктің орнын байқайды.

8bet_f110Картер сыланған жерді ұңғып тесіп, сол кішкентай тесіктен электршамын жағып қарап еді, бір метрдей қашықтық-тан таза алтыннан жасалғандай жарқыраған қабырғаны көреді. Ар жақтағы дүниелерді бүлдіріп алмау үшін, тас қабырғаны асықпай бұзып, саңылауды үлкейте береді. Саңылау үлкейген кезде қараса, алтын қабырға дегені – алтындатылған қабірхана болып шықты. Ұзындығы 5 м, көлденеңі 3,3 м, биіктігі 2,73 м. көлемдегі кварцитті саркофаг екен. Үстіне қара  түсті жабынғы жабылған. Оны алып тастағанда, алтыны жарқ етіп, көздің жауын алды. Ұзындығы 2,25м табыттың ішінде айқасқан қолдарына патшалық билік пен перғауындықтың символы – сом алтыннан жасалған скипетр мен қамшы ұстатып қойған алтын бетпердесі бар екен. Түр-келбетін кәдімгі перғауын Тутанхамоннан айнытпай келтірген, тіпті асыл тастардан жасалған көздері де тірі адамдікіндей. Бұл қабірді ашқан кезде, астында ұзындығы 2 м екінші қабір шыға келеді. Мұнысында Тутанхамонды Осирис құдай бейнесімен кейіптеген екен. Оны көтеріп алғанда, ұзындығы 1,85 м.сом алтыннан жасалғандығы анықталады. Салмағын өлшегенде, 110,4 кг шықты. Оның да бет әлпетін Тутанхамонға ұқсатуға тырысқан. Қабірдің алтын қақпағы сегіз жерден алтын бекіткіштермен ұстатылған екен. Оны көтергенде, жібек құртының пілләсі сияқты ұқыптап оралған перғауынның алтын бетперделі мумияланған денесі көрінді. Сөйтіп, Тутанхамонның үш мың жылдан бері сақталған денесі бүкіл әлемді дүр сілкіндірген жаңалық болды. Бүгінде Тутанхамонның денесі салынған саркофаг пен сонда табылған барлық қазыналар Каирдегі Мысыр ұлттық мұражайында сақтаулы.

Дайындаған: К. ОРАЗБЕКҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *