«Жылан» салаты

9bet_f28Құрамы: пісірілген  4 картоп; пісірілген 4 жұмыртқа; ерітілген 2 ірімшік; консервіленген орташа сапалы балық – 200г; сарымсақ, тұз, майонез, тұздалған қияр.
Дайындау тәсілі: Консервіленген балықты шанышқымен езіп, жұмсартамыз. Қалған заттарды үккіштен өткізіп, дәміне қарай тұз, сарымсақ қосып араластырамыз. Салат жапырақшасына жылан пішінімен орап қоямыз. Оған майонез жағып, тұздалған ұсақ қиярды дөңгелектеп турап, сыртынан әшекейлеп  шығамыз. Көзін бұрышпен, тілін сәбізбен айшықтаймыз. Бұл тағам өте дәмді, әрі мерекелік дастарқанды сәнге бөлейді. Астарың дәмді болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *