Қаһарман ұлы қазақтың

9bet_f35Украина жерінде
Шешпестен төрт жыл белін де,
Ерлікпен өшпес шайқасқан
Өкіртіп жауды көрінде.
Қайырмасы:
Артқанда үміт ел сеніп,
Фашисті жеңген еңсеріп.
Қаһарман ұлы қазақтың
Партизан Қасым Қайсенов.
Партизан Қасым Қайсенов.
Тапсырма алып Ковпактан,
Ерлігіменен дос тапқан.
Сенімін артып жаугер ел
Отрядын да бастатқан.9bet_f44
Қайырмасы.
Тек жеңіс болып басты арман
Қар төсеп, мұзды жастанған,
Ерлігі ұлға үлгі боп,
Атағы асар асқардан.
Қайырмасы:
Артқанда үміт ел сеніп,
Фашисті жеңген еңсеріп.
Қаһарман ұлы қазақтың
Партизан Қасым Қайсенов.
Партизан Қасым Қайсенов.
Адина ЕРҚАРАЕВА.

ПІКІР ЖАЗУ