Парасатты журнал

13bet_f52Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында оқырмандары жастанып жатып оқитын «Мөлдір бұлақ» журналының 10 жылдық мерейтойына дайындығы басталып кетті. 10 жылда журнал республика бойынша 3 319134 данамен таралып, осыншама оқырманның ақылшы досы бола білді. Аталған достарымыздан редакция поштасына  орташа есеппен 24000-нан астам хат келіп, тіркелген. Әр нөмірде жас оқырмандарымыздың 100-ге жуық шығармасы жарияланады.
13bet_f18Еліміздің кез келген мектебін алсақ, сол білім ұясында біздің «Жас тілші», дәстүрлі бәйгеміздің жеңімпазы бар екені даусыз. Журналдың Алғыс  хаты  және  Дипломымен марапат-талмаған шәкірт кемде-кем.  Журналымыздың төл мерекесіне орай, білім мекемелерінде кездесулер өткізілуде. Соның бірі  — Алматы қаласындағы №123 Ахмед Яссауи атындағы  мектеп-гимназиясында  өтті.
Кешті мектеп директоры Бақытбек  Ілиясұлы
Арпабеков ашып, жасөспірімдер өмірінде балалар басы-лымының алатын орнына тоқталды. Келесі сөз кезегін  «Қазақстан-ZAMAN»  ЖШС   Бас директоры  Ахмет Аляз алды.
— Балалар — біздің болашағымыз. Кішкентай ұландарымыз өздеріне жақсы дос тауып, сол арқылы сырласа білсін, жүрегінен жарып шыққан пәк те кіршіксіз шығармаларын редакцияға жолдап, оның жариялануына мүм-кіндік алсын деген ниетпен журналды жарыққа шығарған едік. Міне, 10 жылдан бері мыңдаған баланың әр тақырыптағы шығармалары басылымда жария көрді. Әлі де басыла бермек. Сол дүниелердің арасында сендердің де қолтаңбаларың бар. Өйткені, біздің журналда 80 пайызға жуық орын балалар шығармашылығына беріледі, -дей келе, «Мөлдір бұлақ» журналы жас оқырмандарының және ұстаздардың атына Алғыс білдірді.
13bet_f6Кездесулер несімен қызық? Өйткені, балалар өздерін толғандыратын сұрақтарына жауап алады. Ой-пікірлерімен бөліседі. Өнерін ортаға салады. Бұл кездесуде сауалдар көп қойылғаны соншалық, Ахмет мырза жауап беріп, әрең үлгеріп жатты. Толғандырған сұрағына жауап алған балалардың жүзі қуаныштан жадырап сала берді. Басылымның оқырманы болуға қызыққаны қаншама!.. Олардың да қолына қалам алып, шығарма жазуға талпынатыны рас.
Шара соңында редакция тарапынан белсенді оқырмандар мен оларды шығармашылыққа баулып келе жатқан ұстаздар марапатталды. Сондай-ақ, ата-аналар комитетінің атына жылы лебіз білдірді.
Ж.ТҰРЖАНОВА.

ПІКІР ЖАЗУ