Тілім — тұғырым

Мен 6-сыныпта оқимын. Оқу озатымын. Мектебімізде Қазақстан Республикасының «Тілдер айлығына» арналған іс-шаралыр өтуде. Сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақыт апай «Туған тіл — тұғырың» тақырыбында шығарма жаздырды.
Мен ана тілімді сүйемін, құрметтеймін. Тіл туралы жазған М.Ма-қатаевтың,  Ж. Молдағалиевтің өлеңдерін жатқа білемін. Өзім де ақын болғым келеді.

Жазған шығармамды мына өлеңмен аяқтадым:
Сүйем туған тілімді,
Ашық айтам үнімді.
Сен арқылы жыр жазып,
Айтам жұмбақ сырымды.
Тілім – ұлттық ұраным,
Бастау алған жыр-әнім.
Басқаға да үйретем,
Туған тілдің шын-мәнін.
Балжан НҮСІП.
Еңбекшіқазақ ауданы,
Алмалы ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *