Ата туралы әңгіме

Мен Маңғыстау облысында дүниеге келгенмін. Бұл киелі Маңғыстау жерінде 362 әулие, сонымен бірге Бекет ата қоныс тепкен. Ол кісі көріпкел, емші болған. Бекет атаның өзі салған үш мешіті бар. Ол мешітті тау-тастың арасына тұрғызған. Ешқандай шеге қолданбай, тасты қашап, ойып салған. Қысы-жазы мешітке адамдар ағылып келіп жатады. Мешіттің іші қыста жылы, жазда қоңыр салқын болып тұрады. Ал сыртында шөліңді қандырар су ағып тұр. Кезінде осы жерге мешіт салатынын Шопан ата естіп келеді де, былай дейді: «Бұл жерге мешіт салғаның жақсы-ау, бірақ сусыз қалай болар екен?» — депті. Сонда Бекет ата ойланып тұрып, қолындағы таяғын жерге қадап қойған екен. Біраздан соң таяғын алып кетейін деп тарта қалса, сол жерден өзі мөлдір, өзі таза, салқын су шығыпты. Бұны көрген ел атаның құдіреттілігіне таңданыпты деген аңыз бар.

Бекет атаның мұражайы да бар. Онда қолданған қашаулары сақталған. Мен де атаның басына бардым. Атадан  жақсы тілек тілеп, ниет еткен адамдар көп екенін көрдім. Шын ниетіңмен тілеген тілек орындаларына сенемін.

Рамазан КИІКБАЕВ.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *