Кел, балалар, оқылық!

3bet_f1_altinsarin1Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Мал дәулеттің байлығы
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстың байлығы
Күннен-күнге көп болар.
Еш жұтамақ жоқ болар.
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған…
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған…
Өнер-білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!

ПІКІР ЖАЗУ