«Балалық шағымның аспаны»

14bet_f111Рүстем ӘБДІРАШ, режиссер:
Ш. Айманов атындағы «Қазақ-фильм» киностудиясы түсірген фильм Елбасының өміріне арналған, балалық шағынан сыр шертеді. Кинолентаны тамашалай отырып, өткен ғасырдың орта шеніндегі қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігі, президенттің бүгінгі замандастарының балалық және жігіттік шағын көз алдымыздан өткіземіз. Фильмнің сценарийін жазған Шахмардан Құсайынов пен Рүстем Әбдіраш.
Біз режиссер Рүстем Жарасқан-ұлымен сұқбаттасып, фильм жайлы әңгімелестік.

15bet_f8Әкеден – ұлағат
— «Балалық шағымның аспаны» фильмінің  тұсаукесері құтты болсын! Алдағы уақытта біздің балаларымыз дәл батыстың сериалдарындай теледидар алдынан кетпей, сүйсініп көретін таңғажайып фильмдеріңіздің қатары көбейе бергей деген тілегімізді қабыл алғайсыз.
— Әмин, әмин, айтсын! Кең форматты экрандар мен теледидарларда өзіңіз айтқандай, батыстық фильмдерлегін басып озатын ұлттық  киноларымыз көптеп шығып жатса, ең алдымен көрермендеріміз жастар мен жасөспірімдер болады ғой.
— Рүстем, бүгінгідей деңгейге жету үшін аз тер төгілмейтіні рас.  Режиссер болып, осындай тағылымды дүниелерді халыққа ұсынамын деген ой балалық шақтан қалыптасты ма?
14bet_f32— Қай мамандықтың болмасын негізі балалық шақтан қалыптасады. Менің кино әлеміне келуіме әкем –Жарасқан  Әбдіраштың жетелеуі дәнекер болды. Әкем танымал ақын. Өмірден ерте кетті (иманды болсын! — ред.). Өзімен бірге атақты кинорежиссерлер түсірген ленталарды көруге алып баратын. Мен қаладағы №12 мектеп-гимназиясын бітірдім. Дәулескер күйші-композитор Нұрғиса Тілендиев аға да осы мектепті бітірген. Бастауыш сыныпта оқып жүргенде, Алматыда өтетін атаулы мерекелерде, кездесулерде біздің гимназияның оқушылары  өлең оқитын. Соның ішінде мен де қалмайтынмын. «Оқушылар» үйіндегі «Мүсіншілер» үйірмесіне қатыстым. 4-8 сыныптарда көркемсурет мектебінде оқыдым. Кейін Мәскеудегі ВГИК-ті тәмамдадым. Суретші мамандығы арқылы киноға келдім. Еңбек жолымды «Қазақфильм» киностудиясынан бастадым.

— Алғашқы түсірген фильміңіз деп қайсысын атайсыз?
— Тұңғыш туындымды әкеме арнадым. Жарасқан Әбдіраштың поэмаларын арқау ете отырып, «Қаладан келген қыз» деп атадым. Фильм—жастық шақ, махаббатқа арналады. Қаланың қызына ғашық болған бозбала басынан талай қиыншылықты өткізеді. Бірақ, мұқалмайды. Өмір өткелдері арқылы ол поэзия әлеміне құлаш ұрады. Кейін атақты ақын болады. Бұл фильм — халықаралық фестивальдерде жеңімпаз атанды.

«Кино — дерт»
— Рүстем, «Балалық шағымның аспаны» фильмін түсіру барысында не нәрсеге көбірек көңіл бөлдіңіз?
— Кез келген фильм белгілі бір шығарма желісімен түсіріледі. Біз де Мемлекет басшысының «Әділеттің ақ жолы», «Бейбітшілік кіндігі», «Еуразия жүрегінде» шығармаларын киноға арқау еттік. Фильмде, шығармаларда жазылған ұлттық құндылықтарымыз түгел қамтылған. Сол кездегі халықтың тыныс-тіршілігі, балалар өмірі, тұрмыс тауқыметі көрсетіледі. Салт-дәстүрі, елдің бірлігі, өмірге сәби келгендегі ата-ананың  қуанышы. Ақсақалдар батасынан көктеген ұрпақтың жеткен биігі суреттеледі. Кино еліміздің ірі қалаларында көрсетіле бастады. Жылдың аяғына дейін ауылдық жерлердегі журнал оқырмандары түгел көре алады деп ойлаймын.
Фильмде, Елбасының сәби шағын — Елжас Әлпиев, бозбала кезеңін Өнер академиясының студенті — Әбілмансұр Серіков, жігіттік шағын әнші-актер Нұрлан Әлімжанов ойнайды. Ал, басты рөлдерінде Нұржұман Ықтымбаев, Бибігүл Төлегенова, Наталья Арынбасарова, Ержан Жарылқасынов, Алмагүл Әлішева ойнайды.

— Рүстем, сіздің шығармашылығыңызбен таныса отырып, жоғарыда атап өткеннен басқа «Құрақ көрпе», «Сталинге сыйлық» фильмдеріңізбен таныстық. «Балалық шағымның аспаны» жалғасатын болар?
— Әрине, қазір екінші фильмді жалғастыру мақсатындамыз.

«Арманы биік болғай!»
— Қай саланың маманы болмасын, болашақ үшін еңбектенудеміз. Болашағымыз – ізімізді өкшелеп келе жатқан ұл-қыздарымыз. Олай болса, оларды жігерлендіріп, табанды болуға ой салатын тілегі-ңізді оқырмандарымызға журнал арқылы жолдасаңыз.
— Білімге құштарлығы толастамасын. Ақыл мен парасатын еліміздің рухани қазынасын байытуға арнағай. Жоғары мәдениет иесі болуға талпынсын. Батыстың  сериалдарын жинап қойып, біруақ  эпостық жырлар мен термелерді тыңдасын. Ұлттық тәрбиенің алтын қазынасы сонда жатыр.

— Әңгімеңізге рақмет. Шығармашылығыңыз  арман биігіне өрлей бергей.
Сұқбаттасқан: Жанастан  Кучукова.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *